Главная страница
Образовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей
qrcode

практ календ-тем каз. Казахский национальный медицинский университет имени с. Д. Асфендиярова кафедра интернатуры и резидентуры по акушерству и гинекологии календарно тематический план практических занятий


НазваниеКазахский национальный медицинский университет имени с. Д. Асфендиярова кафедра интернатуры и резидентуры по акушерству и гинекологии календарно тематический план практических занятий
Анкорпракт календ-тем каз.doc
Дата30.01.2018
Размер169 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файлапракт календ-тем каз.doc
ТипТематический план
#35645
КаталогОбразовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей
Образовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей

С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ



КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

КАФЕДРА ИНТЕРНАТУРЫ И РЕЗИДЕНТУРЫ ПО АКУШЕРСТВУ И ГИНЕКОЛОГИИ

КАЛЕНДАРНО - ТЕМАТИЧЕСКИЙ ПЛАН ПРАКТИЧЕСКИХ ЗАНЯТИЙ







«КЕЛІСІЛГЕН»

Кәсіби дайындық факультетінің

(интернатура және резидентура)

деканы м.ғ.д. Исенова С.Ш.

__________________________

«_______»__________________2015 ж.




«БЕКІТЕМІН»

Хирургиялық аурулар оқу

департаментінің директоры

м.ғ.д. Есенкулова С.А. ____________________

«______»___________2015 ж.


2015-2016 ОҚУ ЖЫЛЫНА АКУШЕРИЯ ЖӘНЕ ГИНЕКОЛОГИЯ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША 6 КУРС ИНТЕРНДЕРІНЕ АРНАЛҒАН «АКУШЕРИЯ» МОДУЛІ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРЛЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

негізгі клиникалық базаларда





Тақырып

Тақырыптың мазмұны

Объем часов

Организация акушерско – гинекологической помощи

30



Әйелдер кеңесі мен акушерлік стационар жұмысының ұйымдастырылу негізі

Акушерлі- гинекологиялық стационарлардағы этика мен деонтология. Қазахстан Республикасындағы ана мен бала қауіпсіздігінің құқықтық актілері. Ана мен бала денсаулығын қорғау негіздері. Қоғам денсаулығының əлеуметтік-биологиялық аспектілері. Ана мен бала денсаулығына əсер ететін сыртқы орта факторлары

6



Есепке алу-есеп беру құжаттарының негізгі формалары

Есепке алу-есеп беру құжаттарының негізгі формалары Стационардың және әйелдер кеңесі жұмысының негізгі көрсеткіштері.

6



Стационардың және әйелдер кеңесі жұмысының негізгі көрсеткіштері

Ана және перинаталды өлімнің құрамы. Репродуктивті денсаулықты қорғаудың ана және перинаталды өлімді төмендетудегі ролі.


6



Профилактикалық тексерулер

Амбулаторлы науқастарды емдеу принциптері мен әдістері.

6



Репродуктивті денсаулықты қорғау. Жанұяны жоспарлау.

Жанұяны жоспарлау – туушылықты ерікті реттеудің принципі. Репродуктивті денсаулық. Репродуктивті құқық. Сексуалды құқық. Репродукция және жанұяны жоспарлау орталықтарының жұмыс істеу принциптері. Контрацепцияның қазіргі уақыттағы әдістері: көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері. Ана мен перинаталды өлімді төмендетудегі санитарлық ағарту жұмысының ролі. Емшекпен емізудің 10 принципі, әйелдер кеңесі жағдайында емшекпен емізуге дайындық.


6

БОСАНУ КЛИНИКАСЫ

60



Сыртқы және ішкі акушерлік зерттеу. Физиологиялық босану

Босану әрекетінің басталуын анықтау әдістері. Босану кезінде және босанудан кейінгі ерте кезеңде болатын жүйелер мен мүшелердегі физиологиялық өзгерістер. Сыртқы және ішкі акушерлік зерттеу Биомеханизм раскрытия шейки матки в родах.

Партограмманы жүргізу. Шүйдемен жатулардағы босанудың биомеханизмі. Босанудың кезеңдері мен фазаларын анықтау. Босанудың прогрессін бағалау.Перинаталды көмекке сай босанудың ІІ кезеңін жүргізу. ІІІ кезеңді активті жүргізу. ДДҰ ұсынысы бойынша босанғаннан кейінгі ерте кезеңді жүргізу. ДДҰ. Жылулық тізбек.

6



Бастың жазылып келуіндегі босануды жүргізу.

Жамбаспен жатуда босануды жүргізу

Бастың жазылып келулері: алдыңғы бастық, маңдайлық, беттік, бастың жоғары және көлденең тұруы. Диагностикасы. Бастың жазылып келулерінің әр түрлеріндегі босанудың биомеханизмі және босануды жүргізу. Босану кезіндегі асқынулар және жазылу дәрежесіне сәйкес болжам. Акушерлік тактика. Босандыру әдістері.

Жамбаспен жатудың жіктелуі, диагностикасы, ағымы және жүктілікті жүргізу. Жамбаспен жатуда босанудың биомеханизмі. Жамбаспен жатуда босанудың клиникалық ағымы мен босануды жүргізу ( Цовьянов бойынша көмек, классикалық қолмен көмек, нәрестенің жамбастық ұшы арқылы экстракциясы). Ұрық пен нәресте үшін асқынулар. Кесар тілігі операциясына көрсеткіштер

6



Клиникалық тар жамбас. Ананың босану жарақаттары


Клиникалық тар жамбастың себептері. Клиникалық тар жамбастың көріністері. Диагностика әдістері. Тактика. Оперативті босандыруға көрсеткіштерді анықтау. Ана мен нәресте жағынан болатын асқынулар.Жүктіліктің ағымы, оны жүргізудің, диагностикасының принциптері. Ана мен нәресте үшін нәтижесі. Босануды жүргізу. Иықтардың дистоциясы. Себептері, диагностикасы, жүргізу тактикасы. Қынаптың, клитордың, жатыр мойнының, аралықтың жыртылулары. Клиникалық көрінісі, диагностикасы, емі. Жыртылуларды тігу әдістері, гематомаларды жою. Көрші ағзалардың жарақаттары: қуықтың, тік ішектің ( коррекцияның принциптері). Жатыр тыртығы, жүктілікті, босануды және босанудан кейінгі ерте кезеңді жүргізудің ерекшеліктері. Клиникасы, диагностикасы және жатыр жыртылуы кезіндегі жедел көмек. Жатырдың сыртқа айналуы, себептері және алғашқы көмек. Босану жарақатының профилактикасы


6



Нәрестенің дұрыс емес орналасуы Жүктілік және ірі ұрық кезінде босану

Нәрестенің дұрыс емес орналасуындағы жүктілік пен босанудың ағымы мен жүргізілуі. Асқынулар. Оперативті босандыруға көрсеткіштер. Нәрестенің дұрыс емес орналасуын түзейтін операциялар.

Ірі ұрықпен жүктілікті жүргізу, диагностикалау ағымының қағидалары. Ана мен балаға әсер ету нәжилері. Босануды жүргізу. Иықтардың дистоциясы. Себептері, диагностикасы, жүргізу тактикасы.

6



Босану әрекетінің қанағаттандырылмаған прогрессі Қағанақ қабынының мезгілінен бұрын ажырауы

Ана мен бала үшін асқынулары. Эпизиотомияға көрсеткіштер. Жүргізу техникасы. Оперативті босандыруға көрсеткіштер.

Қағанақ қабынының мезгілінен бұрын ажырауы кезінде дәрігердің жүктілік мерзіміне байланысты дәлелді медицина тұрғысынан диагностикасы мен тактикасы. Ана мен нәресте үшін асқынулар. Хориоамнионит. Себептері, клиникасы, диагностикасы, хорионамнионит кезінде жүргізу тактикасы мен босану әдістері

6



Нәрестенің қатерлі жағдайы, асфиксия және нәрестелердің босанудағы жарақаттары

Себептері. Дәрігердің диагностикасы мен тактикасы. Опреативті босандыруға көрсеткіштер. Дәлелдемелі медицина бойынша мекониалды судағы босануды жүргізу ерекшелігі. Кіндік бауының түсуі. Жедел көмек. Мерзіміне жеткен және шала туылған нәрестелердің реанимациясы.

6



Босандыру операциялары.

Нәрестені бұзатын операциялар.

Кесар тілігі операциясы. Акушерлік қысқыштар, Нәрестенің вакуум экстракциясы Көрсеткіштері,қарсыкөрсеткіштер, шарттары, жүргізу тактикасы және қарама қарсы көрсеткіштері, жансыздандыру, тактика және асқынулар.

Нәрестені бұзатын операциялар. Көрсеткіштері, шарттары, жүргізу тактикасы және қарсы көрсеткіштері, жансыздандыру, тактика және асқынулар

6



Акушерлік қан кетулер


Ауруханаға дейінгі кезеңде жүктілік кезінде қан кетуді диагностикалау және жүргізу ерекшеліктері. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы, плацентаның жатуы кезінде диагностикалау және шұғыл көмек көрсету.

Плацентаның бекітілуінің ақаулары (тығыз бекінуі, плацентаның тығыз бітісуі), гипо- және атониялық қан кетулер. Қан кету көлемін бағалау әдістері. Тактикасы. Кезеңді шұғыл көмек. Жатырлық қан кетулерді тоқтатудағы заманауи технологиялар.

6



Геморрагиялық шок

Қан жоғалтуды орнына толтыру принциптері. Гемотрансфузия. Геморрагиялық шок кезіндегі тактика және диагностикасы. Жедел жәрдем көмегін этап бойынша жургізу

6



ТШҚҰ-синдромы. Қағанақ суларымен эмболия.

ТШҚҰ-синдромы: диагностикасы, емі. Қағанақ суларымен эмболия: клиникасы, диагностикасы, жедел көмек.

6

Жүктілер патологиясы

75



Жүктілердің құсуы

Диагностикасы, емдеу принциптері. Жүктілікке қарсы көрсеткіш.

Жүктілердің гипертензиялық жағдайларының ана және перинаталды өлімінде алатын ролі. Жүктілердің гипертензиялық жағдайларын алдын алу және ерте анықтау. Диагностика және дифдиагностика. Дәлелді медицина арқылы жүктілікті жүргізу тактикасы. Жедел босандыруға көрсеткіш.Кесар тілігіне көрсеткіш, босандыру әдістері. Ана мен бала жағдайына болжам.


6



Жүктілік және гипертензиялық жағдайлар

Заманауи диагностика әдістері. Жүктілікті үзуге көрсеткіштер. Жүргізу тактикасы. Кезең бойынша жедел көмек.Реанимациялық шаралар.

6



НЕIIP-синдром

НЕLLP-синдром: диагностикасы, жедел көмек Интенсивті терапия. Ана мен нәресте үшін нәтиже.

6



Жүктілердегі тыныс алу жүйесінің арурулары. Жүктілердегі жүрек қантамыр жүйесінің (ЖҚЖ) аурулары.

Жүктілік кезінде тыныс алу мүшелер

аурулары ағымының ерекшеліктері.

Жүктіліктің ағымы мен жүргізуінің ерекшеліктері. Нәрестеге әсері.

Жүктілік кезіндегі ЖҚЖ – ң адаптациясы. Жүктілік кезінде ЖҚЖ-ңаурулары ағымының ерекшеліктері. Миокардит. Диагностикасының ерекшеліктері. Жүргізу тактикасы. Босандыру әдісі мен уақытын таңдау.

6



Жүктілердегі бүйрек аурулары. Жүктілік кезіндегі қант диабеті.

Жүктіліктің бүйрек қызметіне көрсететін әсері. Жүктілердегі бүйрек аурулары ағымының ерекшеліктері. Жалғыз бүйрек және жүктілік.. Емдеу принциптері. Босандыру әдісі мен уақытын таңдау. Жүктілікті жалғастыруға қарсы көрсеткіштер. Клиникасы, диагностикасы. Жүктіліктің әр кезеңіндегі емдеу. Кетоацидозды және гипогликемиялық кома кезіндегі диагностика мен жедел көмек.

Гестациялық диабет. Жүктілік кезіндегі қант диабеті ағымы ерекшелігі.

6



Жүктілердегі бауыр аурулары. Жүктілердегі асқазан және ішек аурулары.

Жүктілердегі бауыр аурулары. Клиникасы, диагностикасы, дифференциальды диагностикасы, емдеу тактикасы. Жүктілікті жалғастыруға қарсы көрсеткіштер. Жүктіліктің АІЖ-ң қызметіне әсері. Жүктілердегі асқазан және ішек аурулары. Клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, тактика емі. Жүктілікті жалғастыруға қарсы көрсеткіштер.

6



Жүктілік және хирургиялық пен гинекологиялық аурулар

Жүктілік және хирургиялық аурулар ( жүктілік және жедел аппендицит, жедел холецистит). Диф диагностикасы. Жүргізу тактикасы. Жүктілік және қосымша гинекологиялық патология (аналық бездердің кисталары мен кистомалары, аналық без аяқшасының бұралуы, миоматозды түйіннің дегенерациясы, субсерозды миоматозды түйіннің бұралуы, қатерлі ісіктер және жүктілік).

Диф диагностикасы. Жүргізу тактикасы.

6



Жүктілік және АИТВ/ЖИТС

Инфекцияның берілу жолдары. Диагностикасының және емінің принциптері. ЖИТС-і бар жүктіліерді жүргізу. АИТВ жұқтырған әйелдерде босануды жүргізу. АИТВ жұқтырған әйелдерді жүктілік, босану және босанудан кейінгі кезеңде емдеу.

6



Жүктілікті көтере алмаушылық Мезгілінен бұрын босану

Жүктіліктің өздігінен үзілуі. Салыстырмалы диагностикасы. Жүргізу тактика. Жедел көмек. ИЦЖ және жүктілікті көтере алмаушылық. Хирургиялық коррекция. Асқынулар. Дәлелді медицина арқылы мезгілінен бұрын босануды жүргізу ерекшеліктері.


6



Мезгілінен асқан жүктілік Көпұрықты жүктілік

Мезгілінен асқан жүктілікті диагностикалау. Дәрігердің тактикасы. Ағзаны босандыруға дайындау әдістері. Босануды қоздыруға көрсеткіштер. Ана мен бала үшін нәтижесі.

Көпұрықты жүктіліктің диагностикасы. Босандырудың әдісі мен мерзімін таңдау. Босанудың әдісі мен мерзімін таңдау. Жүктілік пен босанудың ағымының ерекшеліктері және жүргізу.

6



Нәрестенің құрсақ ішілік дамуының кідіруі.

Себептері. Диагностикалық критерилері. Мониторинг (гравидограмма, УДЗ,КТГ). Жүктілікті және босануды жүргізудің ерекшеліктері. Мезгілінен бұрын босандыруға көрсеткіштер.

6



Жүктілікті үзу әдістері

Жүктілікті ерте және кеш мерзімде үзу көрсеткіштері және әдістері . Асқынулары. Сот-медициналық сараптама.

6



Акушериядағы инфекция. Азайту жолдары

Кандидоз, трихомониаз, гонорея, хламидиоз, уреаплазмоз, микоплазмоз, сифилис және жүктілік. Вирусты аурулар (тұмау, гепатиттер, герпес, папилломавирусты және цитомегаловирусты инфекция) және жүктілік. Жүктілік пен босану ағымы ерекшеліктері. Клиникасы, диагностикасы, жүктілік пен босану ағымын жүргізу принциптері, нәрестеге әсері.

6

НӘРЕСТЕЛЕРДІҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ПАТОЛОГИЯСЫ

30



Дені сау нәрестелерді жүргізу

Нәрестелердің физиологиялық жағдайы. Қалыпты нәрестелік кезең ағымының ерекшелігі. Аз салмақты нәресте. Негізгі ұғымдар, себептері. Босануға дайындық. Баптау мен тамақтандырудың ерекшеліктері. Гипотермия, алдын алу және емі. Гипогликемияның алдын алу. Шығарудың критерийлері.

6



Нәрестелердің асфиксиясы мен жарақаттары

Босану және оперативті босандыру кезіндегі ұрық пен нәрестенің жарақаттануы. (субапоневротикалық қан құйылу, кефалогематома, бұғананың сынығы, білектің сынығы). Бейімдеуші факторлар. Диагностикасы. Емдеу принциптері.

6



Ұрық пен нәрестенің гемолитикалық ауруы

АВО және резус-фактор бойынша ана мен нәрестенің антигендік сыйыспаушылығы. Диагностикасы. Ұрық пен нәрестенің гемолитикалық ауруын емдеу. Реабилитациясы, алдын алуы. Қан алмастырып құю операциясы. Көрсеткіштер. Жасау техникасы. Емдеу принциптері.

6



Нәрестенің іріңді-септикалық аурулары

Госпитальды инфекция. Себептері. Диагностикасы. Емдеу принциптері. Госпитальды инфекцияның алдын алуының стратегиясы. Балалардағы жүйке жүйесінің инфекциялық аурулары. Ана және ұрық жағынан қауіп-қатер факторлары.

6



Нәрестенің іріңді-септикалық аурулары

Біріншілік және екіншілік (вакциналық, қызамықтық, токсоплазмоздық және т.б.) энцефалиттер мен энцефаломиелиттер, менингиттер (серозды, іріңді, туберкулезді).Клиникасы, диагностикасы, емі, болжамы.

6

Тренинги в Центре практических навыков

30



Сыртқы және ішкі акушерлік зерттеу

Жалпы және арнайы акушерлік зерттеу әдістері

6



Физиологиялық босануды жүргізу.

Физиологиялық босанудың биомеханизмі және оны жүргізу.

6



Жамбаспен жатуда босануды жүргізу

Физиологиялық босану биомеханизмі мен жүргізу.

6



Босану жарақаттарын тігу

Босану жарақаттары. Диагностикасы. Операция техникасы.

6



Гипотониялық қан кету кезінде жедел көмек

Гипотониялық қан кету кезінде жедел көмек көрсетудің алгоритмі. Гемостазды тігістерді салу техникасы

(Б-Линча, О-Лири).

6


Акушерия және гинекологиядан интернатура және резидентура кафедрасының отырысында қарастырылып бекітілді

Хаттама № ______ «_______» _________________________ 2015 ж.
Акушерия және гинекологиядан интернатура

және резидентура кафедрасының меңг, проф. Кудайбергенов Т.К.


Методист ОПиКУП Нуркасымова А.Т.

6 беттің беті

перейти в каталог файлов

Образовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей

Образовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей